ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТ, КҮРДЕЛІ ТЕРАПИЯ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ АНКИЛОЗДЫ СПОНДИЛИТ;
  • БУРСИТ, СИНОВИТ, ТЕНДОВАГИНИТ;
  • ТЕРІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫН БҰЗБАЙ СІҢІРЛЕРДІҢ, БАЙЛАМДАРДЫҢ, БҰЛШЫҚ ЕТТЕР МЕН БУЫНДАРДЫҢ (СОЗЫЛУ, ШЫҒУ, КӨГЕРУ) ЖАРАҚАТТЫҚ ЖАРАҚАТТАРЫ.

Мүлдем ешқандай жері ауырмайтын адам болады ма?

Ауырсыну уақытша және тұрақты болуы мүмкін. Википедияның анықтамасына сәйкес, ауырсыну — бұл жағымсыз немесе ауыр сезім, физикалық немесе эмоциялық азапты сезіну.

Ауырсыну тіндердің нақты немесе болжамды зақымдануының немесе психологиялық қолайсыздықтың қорғаныс сигналы ретінде қызмет етеді; сондай-ақ, ауырсыну жүйке жүйесінің бұзылуынан туындауы мүмкін. Ауырсыну бірқатар аурулар симптомдарының бірі болып табылады.

Ауырсыну ұзақтығы бойынша жедел және созылмалы болып келеді. Ауырсыну орналасқан жері бойынша барлық ағзаларға және денеміздің кез келген бөлігіне әсер етуі мүмкін.

Ауырсынудың негізгі себептері –жарақаттар, құрысулар, қанайналымның бұзылуы, инфекциялар, улану, күйік және суық тию, тірек-қимыл жүйесінің әртүрлі аймақтарының деформациясы және бұзылуы (омыртқа бағанасы, буындар).

Шығу ерекшеліктерін ескере отырып, альгосиндромдар 2 үлкен топқа бөлінеді – ноцицепциялық және нейропатиялық.

Ноцицепциялық ауырсыну

Бұл тітіркендіргіштерге бүкіл организмнің тіндерінде орналасқан ауырсыну рецепторларына тікелей әсер еткен кезде пайда болады. Бұл жеңіл немесе шыдатпайтын болуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда анальгетиктедің көмегімен жылдам басылады және себеп жойылған кезде тез кетеді. Осы рецепторлардың типіне және орналасуына байланысты ол 2 кіші түрге бөлінеді:

  • соматикалық ауырсыну – орналасқан жері нақты, беткейлі көрінісі бар; қабыну процесіне, ісінуге, жарақаттануға (көгеру, сыну, жыртылу, созылу және т. б.), сондай-ақ метаболизм мен қанайналымының кейбір бұзылыстарына тән;
  • висцеральдық ауырсыну – ішкі ағзалар зақымданған кезде пайда болады; терең орналасқан және орналасқан жері нашар көрінеді; мысал ретінде кардиомиалгияны, бүйрек шаншуын, ойықжаралы ауруды келтіруге болады.

Нейропатиялық ауырсыну

Бұл шеткері және орталық жүйке жүйесінің функциялық құрылымдарына – жүйке өсінділеріне, сондай-ақ ми мен жұлынның бөліктеріне тікелей әсер еткен кезде пайда болады. Кейде нейроқұрылымдардың патологиялық қозуымен қатар жүреді, ауырсынусыз тітіркендіргіштерге аномалиялық реакция пайда болады (қарапайым жанасу). Ол көбінесе созылмалы ауырсыну ретінде көрінеді, сондықтан оны басу қиынға соғуы мүмкін.

Оның 2 түрі бар:

  • шеткері – невралгия, невропатия, неврит, туннель синдромдары түрінде жүйке өсінділері зақымданғанда;
  • орталықтық – ми қанайналымының жедел бұзылуы, жұлын жарақаттары, миелопатия, шашыранды склероз салдарынан дамиды;
  • дисфункциялық – қоздырғыштың әсер ету күші мен организмнің реакциясы арасындағы сәйкессіздік ретінде көрінеді; бұл ОЖЖ дисфункциясының салдары болып табылады.

Ауырсыну синдромының негізгі белгісі – көшпелі немесе орналасқан жері белгісіз, белгілі, үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл ауыру. Бұл жағдайда кенеттен немесе тартып, шаншып, сыздап, солқылдап ауыруы мүмкін. Барлық басқа белгілер аурудың себебі мен сипатына байланысты. Олардың ішінде:

  • қозғалғандағы жайсыздық, жай отырғанда басылады;
  • қозғалмағанда ауырсыну сезімі;
  • дененің басқа бөліктеріне берілуі;
  • ауырсыну аймағында температураның жоғарылауы;
  • шамалы тиіп кеткен жерде альгосиндромның байқалуы (нейропатияға тән);
  • іргелес аймақтағы сезімталдықтың бұзылуы.

Ауырсыну синдромы зақымдалған тіндердің ісінуі мен қызаруымен, сондай-ақ әлсіздікпен, аса шаршағыштықпен, жалпы көңілсіздікпен бірге байқалуы мүмкін.

Емдеуді бастамас бұрын, ауырсынудың себебін нақты анықтау керек, өйткені ауырсыну физикалық аурудың немесе психологиялық проблемалардың барын көрсететін сигналдық функцияны атқарады. Себептерін іздеу және жою көптеген жағдайларда ауырсынуды басуға мүмкіндік береді. Алайда, кейбір жағдайларда (атап айтқанда, егер ауырсыну созылмалы болса, өзінің сигналдық функциясын жоғалтады) бұзылыстың себептеріне әсер етпейтін ауырсынуды емдеудің белгілі бір әдістерін қолдану қажет. Ауырсыну синдромдарын дәрі-дәрмектермен, психотерапияның әртүрлі әдістерімен, психологиялық өзін-өзі реттеудің белгілі бір әдістерімен, физиотерапиямен және рефлексотерапиямен емдеуге болады .

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП, ҚҚСД) — ауысынуды басатын (анальгезиялық), қызуды басатын және қабынуға қарсы әсері бар дәрілік заттар.

Олардың әсер ету механизмі белгілі бір ферменттерді (ЦОГ, циклооксигеназа) бөгеуге негізделген, олар простагландиндердің — қабынуға, қызбаға, ауырсынуға әсер ететін химиялық заттардың өндірілуіне жауап береді. ҚҚСД тобына Нимид препаратына кіретін нимесулид молекуласы жатады.


НИМИД® - ештеңе ауырмайды!

✓ Ауырсынуды басады

✓ Жағымды иісі бар

✓ Күйдірмейді

✓ Киімде дақ қалдырмайды

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

ҚОЛДАНУ ТӘСІЛІ

НИМИД® ГЕЛІ ДӘРІЛІК ЗАТТЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУЛЫҚ

1 г гель құрамында белсенді зат – 10 мг нимесулид (микронизирленген) бар қосымша заттар: бензил спирті, пропиленгликоль, карбопол 980 (карбомер 940), динатрий эдетаты, натрий гидроксиді пеллеттері, Cologne Comp 530 хош иістендіргіш, тазартылған су

Мөлдір емес, ақшыл-сары түсті біртекті гель.

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. АТХ коды М02АА

Сыртқа қолдануға арналған гель 1 %

  • ревматоидты артрит, кешенді ем құрамындағы анкилозды спондилоартрит
  • бурсит, синовит, тендовагинит
  • тері жабындарының бүтіндігін бұзбай сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттердің және буындардың (созылуы, шығулар, соғылулар) жарақаттық зақымданулары

Сыртқа. Тек тазартылған және құрғақ теріге жағылады.

  • қышыну
  • эритема
  • қыжыл, жүрек айнуы, құсу, диарея, гастралгия
  • ісіну синдромы
  • тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз
  • бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы
  • гематурия
  • анафилаксиялық шок
  • бронх демікпесі болған жағдайда тыныс алудың бұзылуы

  • препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына белгілі жоғары сезімталдық
  • ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (анамнезінде) аллергиялық реакциялар (бронх түйілуі, ринит, есекжем)
  • гелді ашық жараларға немесе жергілікті инфекция бар кезде қолдану
  • басқа кремдермен бір мезгілде қолдану
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген)

НИМИД® гелін жергілікті қолданғанда басқа дәрілік препараттармен елеулі өзара әрекеттесулері байқалған жоқ.

НИМИД® гелін ашық жараларға немесе бүтіндігі бұзылған тері жабындарына жағуға болмайды. Препараттың байқаусызда көзге, ауыз қуысының, мұрының шырышты қабықтарына, гениталий және анальді өтіс аймағына тиюін болдырмау керек (байқаусызда тиіп кеткен жағдайда, дереу сумен жуып тастау керек). Препаратты ішке қолданбау керек. Жаққаннан кейін қолды жуу қажет. Гельді жаққаннан кейін окклюзиялық таңғыш салмаған дұрыс. Жағымсыз реакцияларының қаупін қысқа уақыт ішінде ең аз дозасын жағу арқылы төмендетуге болады. Құрамында қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) бар, сыртқа қолданылатын препараттарды қолданғанда ашытып күйдіру және сирек жағдайларда, фотодерматит пайда болуы мүмкін, сондықтан НИМИД® гелін қолданған кезде сақтық таныту қажет. Фотосезімталдық реакцияларын болдырмас үшін, препаратты қолдану кезінде тікелей күн сәулесі мен солярийге барудан аулақ болу керек. Оң динамикасы болмаған немесе жағдай нашарлаған жағдайда, емдеуді тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.
НИМИД® гелін басқа ҚҚСП-ға сезімталдығы жоғары пациенттерге қолданбау керек.
Гельдің құрамында аллергиялық реакцияларды (баяу типті болуы мүмкін) туғызуы мүмкін консерванттар метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат және терінің тітіркенуін туғызуы мүмкін пропиленгликоль бар.

Препарат жергілікті қолданылатындықтан, дұрыс қолданған жағдайда, жүйелі сіңірілу, яғни артық дозалану ықтималдығы аз.

30 г немесе 100 г гельден бұралатын ақ қақпақтары бар ламинацияланған сықпаларға салынған. Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Рецептісіз

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., СП 289 (А), РИИКО Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан.
Тел: +91-1493-516561
факс: +91-1493-516562
Электронды поштасы: info@kusum.com

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., СП 289 (А), РИИКО Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан.
Тел: +91-1493-516561
факс: +91-1493-516562
Электронды поштасы: info@kusum.com

ЕМДЕУДІ ҚАЗІР БАСТА!
СІЗДІҢ ҚАЛАҢЫЗДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРДА
НЕМЕСЕ ИНТЕРНЕТ-ДӘРІХАНАЛАРДА НИМИД ГЕЛІН ІЗДЕҢІЗ

ДӘРІХАНАЛАРДАН РЕЦЕПТСІЗ БОСАТЫЛАДЫ

ӨЗІҢІЗДІ-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН!
ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері :

«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС
Алматы қ., Қажымұқан көшесі, 22/5, «Хан Тәңірі» БО
Телефон: 8 727 295 26 50
E-mail: claims@kusum.kz