Image Image

Ауырсыну мен қабынуды жеңілдетіңіз

Нимид гелі - сыртқа қолдануға арналған стероидты емес қабынуға қарсы препарат-гель

Гельді сатып алу
Image
Image
НИМИД ҰҚЫПТЫ ЕМДЕЙДІ:
Icon
Буындарға ұқыпты

Нимид гелінің әсер етуші заты нимесулид остеоартроз кезінде шеміршек тінінің бұзылуына жол бермейді.

Icon
Теріге қамқорлық

Нимид гелі су негізінде жасалған, созылмалы ауырсынуды емдеу үшін ұзақ уақыт қолдануға жарамды, тіпті егде жастағы адамдардың сезімтал терісін тітіркендірмейді.

Icon
Асқазан-ішек жолдарына қамқорлық

Жергілікті қолдану қабыну аймағында жоғары концентрацияны қамтамасыз етеді, қанға минималды мөлшерде сіңеді, бұл жүйелік жанама әсерлердің қаупін азайтады.

Ауырсыну мен қабынуға арналған КӨРСЕТКІШТЕР:
Артриттер
Буын ауырсынуы
Арқа, мойын, бел, жауырын арасындағы ауырсыну
Байламдар мен сіңірлердің жарақаттары (созылу, шыққан буын, соғылу)
Image
Қарсы көрсеткіштер мен жанама әсерлер:

Нимид гелі қанға минималды сіңуіне байланысты жүйелік жанама әсерлерді іс жүзінде тудырмайды.

Дегенмен, егер сізде құрамдас бөліктерге жеке төзімсіздік немесе басқа медициналық қарсы көрсеткіштер болса, қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.

Image
ҚОЛДАНУ ӘДІСІ:
Image

Зақымдалған аймаққа күніне 2-3 рет жұқа қабат етіп жағылады.

Image

Емдеу ұзақтығы: 7-15 күн.

Image

Нимид гелі 12 жастан бастап қолданылады.

Қолдану нұсқаулығы
Қолдану көрсеткіштері

Тері жабындарының бүтіндігін бұзбай сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттердің және буындардың (созылуы, шығулар, соғылулар) жарақаттық зақымданулары

Ревматоидты артрит, кешенді ем құрамындағы шорбуынданатын спондилоартрит 

Бурсит, синовит, тендовагинит

Жанама әсерлер

Терінің ауқымды бөліктеріне жаққан кезде жүйелі жағымсыз әсерлері болуы мүмкін:

Қыжыл, жүрек айнуы, құсу, диарея, гастралгия

Ісіну синдромы

Тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз

Бауыртрансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы

Гематурия

Анафилаксиялық шок

Бронх демікпесі болған жағдайда тыныс алудың бұзылуы


Қарсы көрсеткіштер

Препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық 

Ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (анамнезінде) аллергиялық реакциялар (бронх түйілуі, ринит, есекжем) 

Гелді ашық жараларға немесе жергілікті  инфекция бар кезде қолдану

Басқа кремдермен бір мезгілде қолдану

Жүктілік және лактация кезеңі

12 жастан бастап балалар мен жасөспірімдер (препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген)

Нұсқаулықты жүктеп алыңыз
Image
Рецепсіз босатылады
Пайдалы ақпарат
Image
Неліктен буындар ауырады?
Әртүрлі ауырсыну түрлері мен олардың пайда болу себептері туралы көбірек біліңіз
толығырақ оқу
Image
Остеоартроз дегеніміз не?
Ауырсынуды жеңілдету үшін препараттар қалай жұмыс істейтінін және сізге лайықты препаратты таңдаңыз.
толығырақ оқу
Image
Артриттер туралы не білу керек:
Артрит – бұл буындардың қабыну ауруы, ол ауырсынуға
толығырақ оқу
Қайдан сатып алуға болады
ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ҮШІН ЗИЯНДЫ БОЛУЫ МҮМКІН! ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫҢЫЗ.